• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 17:16:53
Алматы
+8°

29 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Жемқор шендінің тендерге қатысты құпия нұсқаулығы желіде жарияланып кетті

Әлеуметтік желіде мемлекеттік тендерді ұтып алудың "нұсқаулығы" тарап кетіп, ол Антикордың назарына ілінді. Нұсқаулық мәтіні орыс тілінде жазылған әрі оны мемлекеттік қызметкер жазғанын байқауға болады.

Көрнекі сурет

Желіде мемлекеттік сатып алу кезінде тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы ықтимал сөз байласу туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qamshy.kz.

"Сіздердің көптеген сұрауларыңызға байланысты жемқорлыққа қарсы волонтердің мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының "Самар-Вет" ШЖҚ КМК тапсырыс берушісі мен қызмет көрсетуші арасында ықтимал сөз байласу фактісін анықтағанын хабарлаймыз. Аталған ақпарат жұмысқа алынды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша конкурс тоқтатылды", делінген Антикор хабарламасында.

Сонымен қатар, бұл дерек ШҚО бойынша СЖҚҚ есепке алу кітабына тіркелді, ҚР ҚПК-нің 181-бабы 5-бөлігі тәртібінде аймақ әкімінің аппаратына және Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданғаны да нақтыланады.

"...Лот нөмірін көрген кезде бірден маған хабарласасыз. Мен мына жақтан өз адамдарымды саламын. Содан соң порталға шығасыз, сол кезде менің адамдарын сізді «ұстап алуы» керек. Егер осы айтқанымды айна-қатесесіз жасасаңыз, тендерді ұтамыз", делінген орыс тіліндегі құпия нұсқаулықта.

Айта кетсек, US News 2023 сыбайлас жемқорлық аз елдер рейтингісінде Қазақстан 87 елді қамтитын тізімнің соңғы жағында — 75-орында тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір