• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:34:49
Алматы
+12°

01 Наурыз, 2024 Экономика

Ақпан айында инфляция өсіп, қымбатшылық үдеген

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 2024 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының индексі жеделдеп, 1,1%-ды құрады (қаңтарда - 0,8%).

Көрнекі сурет

Ал жылдық көрсеткіште, керісінше инфляция ентігін басып, 9,3%-ды құрады.

Мына нарық сегменттерінде қымбатшылық байқалады:

  • ақылы қызметтердің бағасы бір жылда 12,8% (алдыңғы ай - қаңтарда – 12,3%);
  • азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,5% (қаңтарда – 8,6%);
  • азық-түлік тауарлары – 7,4% өсті (қаңтарда – 8,2%).

Тарқатып айтқанда:

  • кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріде баға 21,5% қымбаттады.
  • санаторийлер қызметтері – 16%;
  • денсаулық сақтау қызметтері – 13,9%;
  • демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтері – 13,3%;
  • шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 13,1%;
  • ұялы байланыс қызметтеріне 12,4% жоғарылады.

Бағасы өскен азық-түлік өнімдері:

  • күріш – 26%;
  • жұмыртқа – 18,3%;
  • жемістер – 17,2%;
  • минералды және ауыз су – 16,9%;
  • салқындатылған сусындар – 16,6%;
  • алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдер – 14,4%;
  • жеміс және көкөніс шырындары – 12,5%;
  • сары май – 12,2%.
  • пастерленген сүт – 11,3%,
  • консервіленген сүт – 11,2%,
  • тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдер – 11%,
  • майлылығы 2,5% айран – 10,9%,
  • макарон өнімдері және қамырдан жасалған өнімдер – 10,4%,
  • балық және теңіз өнімдері 10,1% қымбаттады.

Ал, керісінше пияз – 42,5%, қарақұмық жармасы – 24,3%, күнбағыс майы – 21,2%, құмшекер – 14,8%, картоп 12% арзандады.

Өткен жылғы ақпанмен салыстырғанда тарифтер мынша пайызға өсті:

  • су бұру – 33,9%;
  • орталықтан жылыту қызметі – 30,9%;
  • суық су – 30,8%;
  • қоқыс шығару – 30,7%;
  • ыстық су – 29,4%;
  • электр энергиясы 19,9% өсті.

Жол-пұл, тасымал қызметі:

  • такси қызметі – 11,7%;
  • қалалық автобус қызметі – 9,3%,
  • жолаушылар теміржол тасымалы қызметі – 8,7%,
  • қалааралық автобус қызметі 8,2% қымбаттады. Ал әуе билетінің құны 4%-ға арзандаған.

Жалпы, дизель отыны – 14,5%, бензин – 13,6%, баллондағы сұйытылған газ 12,9% қымбаттады.

Айта кетсек, Қазақстандағы жылдық инфляция 2024 жылғы қаңтарда 9,5%-ды құраған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір