04 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар
Алматыда подполковник 14 жасар баланы азғындады деген күдікпен ұсталды
Әлеуметтік желіде офицер педофилиямен айналысты деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
Көрнекі сурет
2 наурызда Алматының Жетісу аудандық полиция бөліміне № 28-74 шекара бөлімінің подполковнигі ұсталғаны хабарланған. Ол мас күйінде 14 жасар баламен кездесуге келген делінеді.
Осыған байланысты Алматы қалалық полиция департаменті түсінік берді.
«Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Істің объективті мән-жайы анықталып жатыр» деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір