04 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар
Жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ
Алматы қаласының ТЖД басшысы халықты сабырға, үрейге бой алдырмауға шақырды.
фото: baribar.kz
– Алматы қаласының аумағында жер сілкінісі болды, үрейге бой бермеңіз. Бірінші тербеліс аяқталғанан кейін, ғимараттардан шығыңыз. Жақын орналасқан халықты қабылдау пунктеріне барыңыз. Тек ресми дереккөздерден тарайтын ақпараттарға сеніңіз. Назар аударыңыз, сирена естігеннен кейін құлақтандыру құралдарын қосыңыз. Жағдай нақтыланған соң, қосымша ақпарат жеткізіледі, – деді Нұрлан Атығаев Алматы қаласының ТЖД басшысы.
Нұрлан Атығаевтың сөзінше, әзірге зілзаладан зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Жер сілкінісінің салдары туралы мониторинг, ақпарат жинау жүргізіліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір