• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:59:55
Алматы
+12°

05 Наурыз, 2024 NEWS

Жер сілкінісі 2029 жылға дейін жалғасуы мүмкін – сейсмолог

Соңғы кезде Алматыда сезілетін жер сілкінісі жиі қайталанып кетті. Сейсмикалық аймақта әлсін-әлсін болып тұратын 1-2 балдық жер сілкіністерінен бұрын бұқара үрейленбейтін, бірақ биылғы тербелістер халықты шындап қорқытып отыр.

фото: Видеодан скрин

Жыл басында 4,5 балл шамасында болған жерасты дүмпуі біраз жұртты әбігерге бір салса, кеше болған 5,3 балдық зілаладан бірқатар ғимараттарға зақым келген. Сейсмолог Мұхтар Хайдаров табиғи құбылыс Еуразия құрлығында әр ғасыр сайын 25 жыл бойы түрлі деңгейде қайталанып тұратынын айтады.

– Негізі жер сілкінісіне байланысты болжам жасау өте қиын. Ал жер сілкінісінің биыл жиілеп кетуінің себебіне келсек, бұны Қазақстанның Еуразия материгінде орналасқанымен байланыстыруға болады. Бұл құрлықта жер сілкінісінің өзіндік циклы бар. Кей уақыттарда қуаттылығы әртүрлі жер сілкіністері 25 жылға дейін созылып жатады. Мәселен, өткен ғасырдың басында жер сілкінісі 25 жыл бойы қайталанып тұрған. Қазіргі кезеңге келсек, 2009 жылы Индонезияда магнитудасы 9 баллды құрайтын жер сілкінісі болды. 2008 жылы Қытайда, 2011 жылы Жапонияда, былтыр Түркияда 8 баллға жуық жер сілкінісі болғанын білеміз. Осы теорияны басшылыққа алатын болсақ, сейсмологтар қуаттылығы әртүрлі зілзалалар 2029 жылға дейін жалғасады деген болжам айтады, – дейді Мұхтар Хайдаров.

Сейсмолог Алматы сияқты сейсмикалық жерде қашан да қамданып, дайын жүрген артық етпейтінін айтады.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір