• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 12:04:25
Алматы
+7°

06 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Әскерден жалтарғандарға жаза күшейеді

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің бастығы Айдын Сағынбеков айтты.

Көрнекі сурет

Биыл әскер қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы жиырма мыңнан астам ер азамат толықтырады. Олардың әскерге келуіне жергілікті атқарушы органдар жауапты

– Әскери қызмет – әрбір жас азаматтың заңмен белгіленген міндеті. Ал әскери қызмет өткеруден жалтару барлық құқықтық салдарға әкеп соқтыратын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейтінін еске салғым келеді. Сонымен қатар әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселесін белгілі бір төлем арқылы шешу жолымен көмек көрсетуге уәде беретін адамдардың әрекетінен азаматтарды сақтандырғым келеді. Өйткені бұл қызметтерді жергілікті атқарушы органдар өтеусіз негізде көрсетеді. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы нақты ақпаратты egov.kz сайтынан алуға немесе арнайы әзірленген жадынамамен танысуға болады. Олар барлық жергілікті әскери басқару органында бар, – деді спикер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір