• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:02:21
Алматы
+12°

– Қазіргі таңда Яндекс компаниясымен пилоттық жоба іске асырып жатырмыз. Оның басты мақсаты – көлеңкелі экономикада салық төлемей, тіркелмей жүрген такси жүргізушілерін заңды алаңға шығарып оларды тіркеу. Қазақстанда кейінгі екі айда 10 мыңға жуық такси жүргізушілері пилоттық жобамен тіркеліп, салық төлеп жатыр. Сараптама жүргізу кезінде байқадық, әлеуметтік мәселелері де бар екен. Алимент, несие төлемегендер азаматтар да бар, – деді вице-министр.

Сонымен қатар ол бұл сұрақты өкілетті органдармен бірге қаралып жатқандығын айтады.

– Жаңа салық кодексі шеңберінде жаңа режим платформалық жұмыс беру режимін енгізгелі жатырмыз. Оның тиімдігі – такси жүргізушісі, курьер болып жұмыс істейтін азаматтар салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде тіркелмесе болады деген ұсыныс жасап жатырмыз. Олар үшін агент ретінде төлемді операторлар жасау керек деген ұсыныс бар, – дейді.

Вице-министр депутаттар қолдаса, бұл норма келесі жылдан бастап күшіне енетінен айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір