12 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар
Қазақстанда ұялы байланыс қызметі қымбаттады
Сарапшылардың мәліметінше, соңғы жылдары Қазақстанда ұялы байланыс қызметі едәуір қымбаттағанын айтады.
Фото: ашық дереккөзден
Бірінші несие бюросының сарапшылары баға соңғы 13 жылда жоғары қарқынмен өсті деген қорытынды шығарды.
"Биыл ақпан айындағы баға қаңтар айымен салыстырғанда 6,2 пайызға өсті. Бұл - 2011 жылдың қаңтарынан бері ең жоғары айлық көрсеткіш. Соңғы рет 2023 жылдың шілде және тамыз айларында бағаның күрт қымбаттағаны тіркелген еді (2,8 пайыз). Ал ұялы байланыс қызметі соңғы рет 2018 жылдың ақпан айында арзандады" делінген Бірінші несие бюросының хабарламасында.
Еске түсірсек, жыл басында Tele2, Kcell және Beeline ұялы байланыс операторларына сапасыз қызмет көрсеткені үшін 3,2 миллиард теңге айыппұл салынған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір