• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 11:35:35
Алматы
+7°

13 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Алматы облысында шахта опырылып құлағалы тұр

"Тұйық" кен орнында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары бұзылғаны анықталды

Фото: Depositphotos

    Облыстық прокуратураның мәліметінше, Алматы облысында қорғасын шығаратын шахтаның жұмысы тоқтатылды.  Яғни, Кеген ауданында "Тұйық" қорғасын кен орнында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу фактілері анықталған. Прокурорлар шахтадағы тексеріс жұмыстары кезінде шахта бекіністері зақымданғаны, шатыр мен борттар бойынша тау массасы бөліктерінің қатып қалғаны, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқу және бекіту материалы паспорттарының және өзге де орындаушылық құжаттаманың жоқ екені анықталғандығын айтады. 

   Нәтижесінде,  заңбұзушылықтар 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіріп тұрғаны анықталған. Тіпті құлау қаупі де бар. Осыған байланысты шахтаның қызметі заңбұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды.

     Қазіргі кезде прокуратураның үйлестіруімен өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті жер қойнауын пайдаланушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 298-бабымен (жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзу) іс қозғалып, барлық заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: заңбұзушылық қауіп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір