• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қараша, 06:28:02
Алматы
+12°

Қазақстандықтар тар дәрігерлерге терапевттің жолдамасынсыз бара алады. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек көрсету стандарттарына тиісті өзгерістер енгізді.

Өзгерістерге сәйкес, наурыз айынан бастап жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулар тізбесін 42 зерттеуге қысқарту, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін 10 күннен 14 күнге дейін және 1 айдан 3 айға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Сәуір айынан бастап бейінді мамандарға тікелей жүгіну тәсілдері жетілдірілетін болады. Науқас келесі жағдайларда жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз бейінді мамандарға жүгіне алады:

  • шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, соның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар;
  • шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету;
  • дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар;
  • тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психологтың қабылдауы;
  • онколог және онкогематологтың қабылдауы;
  • диспансерлік есепте тұрған пациенттер үшін кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, невропатолог, хирург қабылдаулары;
  • бейінді маманға оны тағайындау бойынша қайта қабылдау;
  • жастар денсаулық орталықтарында мамандар қабылдау;
  • жылжымалы медициналық кешендердің және басқа да мобильді қызметтердің қызметтерін көрсету кезінде.

"Сәуір айынан бастап динамикалық бақылау тәртібі және жалпы практика дәрігері мен бейінді мамандардың бірлескен жұмыс алгоритмі қайта қаралады, бұл көпсалалы тәсілді қамтамасыз етеді. Осы жұмыс шеңберінде зерттеулерді жүргізудің еселігі мен көлемі әрбір пациент үшін жеке - жеке анықталатын болады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: терапевт Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір