• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қараша, 06:01:51
Алматы
+12°

20 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Маңғыстауда біліктілігін арттырған мұғалімдерге қатысты тергеу басталды

Құзырлы орган Астанадағы оқу-әдістемелік орталығына ресми хат жолдап, тізімдегі 40-қа жуық мұғалімнің біліктілік курсынан өтпегенін анықтады.

Фото: ашық дереккөзден

Саладағы келеңсіздікті Ақтаудағы мұғалімдердің бірі жария еткен. "Сертификат алуға мектеп басшылығы мәжбүрледі" деген ол әр құжаттың кемі 17 мың теңге тұратынын айтқан. Заңсыз әрекеттерді айтқаны үшін өзі де дауға қалған көрінеді.

"30 шақты адам алды. Мектеп әкімшілігі алаяқтықпен айналысады деп, керісінше менімен алысып кетті. Сапалы білім, әділдік қайда? Саналы ұрпақ тәрбиелемейміз бе? Мектеп әкімшілігінің қатысы бар деп ойлаймын. Жұмыстан шығып қалам деп қорықпаймын. Заңсыз ештеңе істемедім. Азаматтық позициям", – деді ұстаз Жаңылсын Барсаева.

Істің ақ-қарасын ажыратқан өңірдегі "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігі сертификаттардың расында заңсыз жолмен алынғанын анықтаған. Жауапты орын Астанадағы оқу-әдістемелік орталығына ресми хат жолдап, тізімдегі 40-қа жуық мұғалімнің біліктілік курсынан өтпегенін білді.

"Өрлеу-Education" орталығы сұраныс хатқа жауап берді. Олар мұндай үлгіде сертификат шығармайтынын жеткізген. Сонымен қатар көрсетілген мерзімде, желтоқсанда оқу курсы өтпеген", – деді "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық филиалының директоры Асқар Жақсыбаев.
Бұл дерекке қатысты қаладағы оқу-әдістемелік орталығының басшылары түсінік берді. "Мұғалімдер үш жыл сайын біліктілігін арттыруға міндетті және арнайы курстан өтуге тиіс" деген олар біліктілік санатына қарай жалақы төленетінін айтты. Ал курстан өтпеген ұстаздардың айлығы аз болады.
Қазіргі уақытта  жалған құжатқа қатысы бар деген мұғалімдерден жауап алынып, тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті "Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу фактісі бойынша" қылмыстық істі тіркеп үлгерді. Заңға сәйкес, дерек расталған жағдайда азаматтарды 4 жылға бас бостандығынан айыру немесе ірі көлемде айыппұл салу қарастырылған.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір