24 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар
Каспий теңізінде жер сілкінісі болды
Каспий теңізінде магнитудасы 3,0 болатын жер сілкінісі тіркелді
Фото: көрнекі сурет
Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Cейсмологиялық қызмет орталығының жер сілкінісін зерттеу бюросы мәлім етті.
Жер сілкінісі 24 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:47-де Каспий теңізінде, «Сиязань» сейсмологиялық стансасынан шығысқа қарай 220 шақырым жерде тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 28 шақырым тереңдікте орналасқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір