• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:26:03
Алматы
+12°

26 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Сарбаздарды орындықпен, дубинкамен ұрған командирге қатысты іс қысқартылды

Ақтаудағы 25744 әскери бөлімнің командирі сарбаздың бірінің басынан орындықпен, тағы бірнешеуін ағаш дубинкамен ұрған. Әскери қызметкер қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталды. Қылмыстық істе бірнеше эпизод бар.

Фото; ашық дереккөзден

Сот материалдарына сәйкес, командир жас сарбаздарды қатарға тұрғызып, фамилиясын біле ме деген сылтаумен олардың бірінің басынан ағаш дубинкамен ұрған. Алайда сарбаз командирдің фамилиясын дұрыс айтпағандықтан тағы да бірнеше рет соққы алған. Тура осындай соққыны тағы бірнеше сарбаз алған. 

Тағы бір эпизод бойынша командир жасақтауға кешігіп келген сарбазды бетінен жұдырықпен ұрғаны анықталған. Кейінірек ол қатардағы жауынгер жаттығу кезінде балағат сөздер айтты деп оның басынан орындықпен бірнеше рет ұрған. Қатты соққыдан соң жауынгер басын ұстап, қорғанбақ болғанда командир оны тепкілеп, жұдырықтай жөнелген. Бұдан өзге эпизодта әскери қызметші полигонда тағы бір сарбазды жұдырықпен ұрып, тісінің бір бөлігін сындырғаны айтылады.

Тергеу кезінде жәбірленуші деп танылған 5 сарбаз қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған командирге кешірім беріп, тараптардың татуласуы туралы арыз жазған. Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындайтынын және жәбірленушілермен татуласуға келісетінін айтқан.

Ақтөбе гарнизонының әскери соты тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқартты.

Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сарбаз әскер қорлық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір