• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 13:16:55
Алматы
+35°
Жоғарғы cоттың Коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталғанын хабарлады.
 
Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылады.
 
"Осыған орай, кеше АЛҚАБИЛЕР АЛҚАСЫНА ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ түсіндірілді. Өздеріңізге мәлім, Қ.Бишімбаевқа қатысты сот талқылауына қоғамның қызығушылығының артқанын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарынан ашық ОНЛАЙН-ТРАНСЛЯЦИЯ ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Осылайша, онлайн-трансляция арқылы кез келген адам, соның ішінде БАҚ өкілдері бұл сот процесінің барысын бақылай алады" деді Жоғарғы cоттың Коммуникация бөлімінің меңгерушісі фейсбуктегі парақшасында.
 
Перизат Сәдуақас ақпаратты жариялау және БАҚ-тың процеске қатысу тәртібіне сай, сот залының сыйымдылығынбайланысты оған тек журналистерсіз 10-15 қана оператор камерамен кіре алатынын, журналистер үшін онлайн-трансляциясы бар арнайы зал дайындалғанын атап өтті.
 
Сондай-ақ ол алқабилер алқасын ықтимал қысымдардан қорғау, соның ішінде олардың жеке басын анықтауға жол бермеу үшін оларды фото және бейнежазбаға түсіруге болмайтынын ескертті.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бишімбаевтың соты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір