• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 05:48:08
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Орал әкімі Мейіржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланды

Қаланы су басқандықтан, Орал қаласының әкімі Мейіржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланды.

Фото: Ашық дереккөзден

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі облыстық жедел штаб отырысын өткізіп, онда Орал қаласының әкіміне қатаң сөгіс жариялады.

"Сіздер су тасқынына дайын болмадыңыздар. Тіпті қала әкімдігінің ғимараты да суға батып кетті. Мұның бәрі жауапсыздықты көрсетеді. Кеше-бүгін қаланы аралап шықтым, кейбір ықшам аудандарда жұмыс енді басталып жатыр. Орал қаласының әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеуі керек. Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңыздар", – деді облыс әкімі.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Орал су басу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір