• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:41:08
Алматы
+12°

28 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Мемлекет балаларды отбасынан тартып ала ма? – Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасында балаларды отбасынан тартып алатын норма жоқ екенін айтты.

Фото: көрнекі сурет

Министр айтпақшы, қазіргі таңда Парламентте әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әзірленген заң жобасы талқыланып жатыр.

- Бұл заң жобасында отбасылардан балаларды мемлекеттік органдардың тартып алуына мүмкіндік беретін нормалар бар деген жаңсақ ақпараттар таратылып жатыр. Ол ақпараттың ешбірі шындыққа сәйкес келмейді, - деп мәлімдеді вице-министр.        

Оның сөзінше, қаралып отырған заң жобаларында және Мәжілістегі басқа да нормативтік-құқықтық актілерде балаларды отбасылардан тартып алуға қатысты бірде-бір норма жоқ.

- Мемлекеттік саясат баланы туған отбасында тәрбиелеу құқығын қамтамасыз етіп, балаларды тәрбиелеу мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде ең алдымен ата-аналарға басымдық беруге бағытталған. Мемлекет өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға арналған тиімді шараларды үнемі іске асырып келеді, - деп айтты Еділ Оспан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бала құқығы ата-ана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір