• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 17:37:51
Алматы
+8°

29 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Путинді боқтама, сотталасың...

Павлодарда тікелей эфирде Путинге тіл тигізген блогер қамауға алынды.

Фото: ашық дереккөзден

Ресей президенті туралы боғауыз сөйлеген Диас Құзайыров 15 тәулікке қамауға алынды. 

Тілімен оқ жаудыратын атышулы блогерге "ұсақ бұзақылық" жасады деген айып тағылды. Ол тікелей эфирде Владимир Путинді әдепсіз сөзбен балағаттап, Ресейде өткен сайлауды мойындамайтынын айтты. 

Бұл жағдай әлеуметтік желілерге мониторинг жасап отыратын полицейлердің назарына іліккен. Ведомство тікелей эфирде боғауыз сөйлеуге жол жоқ деп ұйғарған. Блогердің өзі бейәдеп лексика қолданғанын жоққа шығарды.  Диастың сөзінше, ол Путинге тіл тигізбегенін, тек "құйлы" деген сөзді қолданғанын атап өтті. 

Бірақ судья айыпталушыға сенбей, оны 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір