29 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар
Қазақстанда коммуналдық қызмет ақысы бір жылда 30 пайызға дейін қымбаттаған
Ал ұялы байланыс қызметінің құны 12,4 пайызға өскен.
Фото: көрнекі сурет
Finprom.kz-тің зерттеуінше, осы кезеңде су тарту қызметтерінің бағасы жылына 33,9%-ға өсті, бұл басқа коммуналдық қызметтерге қарағанда жоғары болып отыр. Осыған ұқсас бағаның өсуі мынадай коммуналдық қызметтерде де байқалады:
орталықтандырылған жылыту – 30,9%;
салқын су – 30,8%;
қоқыс шығару – 30,7%;
ыстық су – 29,4%;
электр энергиясы – 19,9%.
Жоғарыда аталған қызметтердің бағасының өсуі қызмет көрсету саласындағы орташа бағаның өсуінен бірнеше есе жоғары.
Ал ұялы байланыс қызметтерінің бағасы бір жыл ішінде 12,4%-ға өсті.
Қызмет көрсетушілер бағаны көтеру себебі – инвестиция. Коммуналдық қызметтер мен байланыс саласы көп қаржыны, инвестицияны қажет ететін салалар. Инвестицияның болмауы Екібастұз, Риддер және еліміздің басқа да елдімекендерінде орын алған апатты жағдайларға алып келеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір