• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 05:18:29
Алматы
+35°

29 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Боао Азия форумы: AIF және BFA арасында меморандумға қол қойылды

Астана халықаралық форумы мен Боао Азия форумы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Боао Азия форумының сессиясына қатысуы барысында Астана халықаралық форумы (AIF) мен BFA арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібін бірлесіп ілгерілетуге, сондай-ақ үздік әлем құру жолындағы көпжақты серіктестік пен ұжымдық жауапкершілікті нығайту жөніфндегі жаһандық шараларды қолдауға ниетті. AIF және BFA екі диалог алаңының күш-жігерін біріктіріп, ортақ мақсатты көздейтін бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтетін Боао Азия форумының (БАФ) пленарлық сессиясының ашылу рәсіміне қатысты. Биылғы 23-ші форум «Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік» деген тақырыпта өтіп жатыр. Қазақстан Президенті аталған форумда құрметті қонақ ретінде сөз сөйледі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен кездесу өткізді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір