• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 10:06:05
Алматы
+35°

29 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Алматыда күзетшіні қатыгездікпен өлтірген күдікті 14-қабаттан секірмек болған

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатыгездікпен өлтірген күдікті 14-қабаттан секірмек болғаны туралы видео тарап жатыр.

Фото: ашық дереккөзден

Кісі өлтіру оқиғасы Самал-3, 25-шағын ауданында, «Меркурий Тауерс» тұрғын үй кешенінде болған. Полиция келген кезде күзетшіні ұрып-соққан ер адам жасырынуға тырысқан. Содан кейін 14-қабаттағы өз үйіне көтеріліп, терезеден секірмек болған.

Полиция қызметкерлері оған бұл ойын іске асыруға жол бермей, күдіктіні ұстаған.

Соның салдарынан 45 жастағы ер адам күзетшіге өміріне қауіп төндіретін дене жарақаттарын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, - делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, 28 наурыз күні кешкі уақытта күзетші қақпаны жаба бастағанда, джип мінген ер адам оны бірнеше рет әдейі қағып, артынан көліктен түсіп оны жұдырықтай бастаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қылмыс күзетші

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір