29 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар
Қытайлық компания Қазақстанда құны 1 миллиард доллар болатын жел электр станцияларын салады
Қазақстан Президенті Қытайға жұмыс сапары аясында Мемлекеттік энергетикалық инвестициялық корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Лю Миншэнмен кездесті.
Фото: Ашық дереккөзден
Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы, оның ішінде жаңартылатын энергия көздеріне негізделген ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «China Power International Holding» компаниясының еншілес ұйымы Қазақстанда белсенді жұмыс істеп жатқаны туралы хабарлады. Соңғы 5 жылда Жаңатаста жел энергетикасы жобасы жасалса, Қарағандыда күн электр стансасы салынды.
Қытайдың ірі энергетикалық компанияларының бірінің басшысы болжамды инвестиция көлемі 1 миллиард доллардан асатын Жамбыл және Павлодар облыстарында жалпы қуаты 1 ГВт жел электр станцияларын салу бойынша жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы айтты.
Лю Миншэн сондай-ақ Қазақстанда ауқымды гидроэнергетикалық жобаларды жүзеге асыру және аралас циклді газ турбиналарын салу перспективаларын зерделеу ниетін мәлімдеді.
Президент біздің еліміздің жаңартылатын энергия саласындағы үздік халықаралық технологиялар мен тәжірибелерді тартуға мүдделі екенін атап өтті.
Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Лю Миншэнді Астанада маусым айына жоспарланған халықаралық форумға қатысуға шақырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір