• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 04:58:27
Алматы
+12°

01 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Фото:

Тасқын судың астында қалған ауыл тұрғыны мерзімінен бұрын егіз бала босанды, деп хабарлайды Qamsy.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының Ырғыз  ауданындағы су басқан Нұра ауылында әйел жүктіліктің 36 аптасында мерзімінен бұрын босанды. Ауыл аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Тасқынның салдарынан жол жабық.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жіберген акушер - гинеколог, анестезиолог-реаниматологтан құралған бригада межелі жерге дейін бара алмады. 

Ауыл дәрігерлері ананы өз бетінше босандыруына тура келді. Жүкті әйел дәрігерлік амбулаторияға жеткізілді. Жалпы тәжірибелік дәрігер мен медбикенің қатысуымен әйел сәтті босанды. Салмағы 2800 грамм және 3050 грамм болатын екі қыз дүниеге келді. 

Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы. Олар қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілген. Қорғаныс министрлігің тікұшағы ана мен баланы аудан орталығындағы ауруханаға жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір