• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:03:01
Алматы
+12°

Экс-миниср Қуандық Бишімбаев бүгінгі сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы бар екенін мойындайтынын айтты. Алайда Нүкенованы ерекше қатыгездікпен өлтірді деген айыпты жоққа шығаратынын мәлімдеді.

"Оның өлімін қабылдау маған қиынға соқты. Маған бірдеңе айтудың өзі өте қиын.  Мұнда отырған жәбірленушілерден, оның туыстары мен ата-аналарының бәрінен кешірім сұрағым келеді" — деді ол.

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев әйелін қасақана өлтірмегенін айтты. 

"Құдайдың алдында жауап беруге дайынмын. Мен Салтанатты сүйдім. Бірақ оны қасақана өлтірген жоқпын. Мен оның өліміне қатысы бар екенімді мойындаймын" — деп мәлімдеді экс-министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір