02 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар
Қазақстанда үйінен айырылғандарға баспана салуы үшін 22 миллион теңгеден берілмек
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы Қанат Шарлапаев үкімет брифингінде айтты.
фото: ашық дереккөзден
Оның айтуынша, қазір әкімдіктер ақпарат жинап, зардап шеккен үйлердің есебін жүргізіп жатыр.
"Біз жергілікті бюджеттен, кейін республикалық бюджеттен қаражат бөлетін боламыз. Қазір бір үйдің құны деп 22 млн теңге қарастырамыз.
Бұл 80 шаршы метр болатын бір үйдің немесе екі бөлмелі пәтердің құны. 1 шаршы метр үшін 281 мың теңге. Болашақта біз бюджеттен осы құнға сүйене отырып бөлеміз. Әзірге бізде үйлердің нақты саны жоқ", – деді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір