03 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Төтенше Жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов жазық даладан тасқын қаупі төнеді деп күтпегендерін мәлімдеді.
Баспасөз мәслихатында журналистер шенеуніктен ТЖМ неліктен тасқынға дайын болмай шыққанын сұраған.
"11 өңірдің 46 елді мекенінде тасқынның алды алынды. Түсініп тұрсыз ба? Ал су басқан 5 облыста су өзеннен емес жазықтан келіп жатыр. Шынымызды айтсақ, су біз күтпеген жақтан, даладан, келді. Кейінгі 30 жылда су даладан келген жоқ болатын. Сондықтан "су тасқынға қарсы дер кезінде ден қойдық" деп айта аламыз" — деді ол.
Вице-министрдің пікірінше, ешқандай мемлекет жазықтағы қар суын су тасқынына қарсы дайындық кезінде есепке алмайды.
"Бүгінгі таңда қар суы ешбір елде ескерілмейді. Өзендерден, су қоймаларынан, бөгендерден келетін су ғана ескеріледі. Осыны түсіну керек", — деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір