• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 07:39:13
+8°

03 Сәуір, 2024 NEWS

Бір өңірді су басса, кей өңірде құрғақшылық басталды

Түркістан облысын құрғақшылық жайлап, шаруақожалықтарының иелерін әлекке салды.

Фото: көрнекі сурет

Түркістан облысындағы аудандардың бірінде диқандар су тапшылығынан егінсіз қалуы мүмкін. Ондаған гектар қызылша мен қырыққабат суарусыз қалды. Диқандардың ендігі үміті тек жауын-шашында.

- Егістігімізді суара алмай жатырмыз. Бәрі қурап тұр, есіл еңбек. Қырыққабат пен қызылша қарайып жатыр. Суару мәселесі бойынша су шаруашылығына хабарластық, бірақ олар көмектесе алмады. Енді егінді жаңбыр суымен ғана аман алып қаламыз, – дейді фермер.

Келес өңірінің диқандары жақында ғана егілген қырыққабаттың қурап қалғанына алаңдаулы. Егістікті жақын арада суармаса, егін мүлдем шықпауы мүмкін. Қызылша егістігі де сол жағдайда. Маусымның басталғаны жаңа, ал шығын көлемі миллион доллардан асып кетті. 

Суармалы судың бір бөлігі ауданға Өзбекстандағы канал арқылы келетін болып шықты. Канал бүлінгендіктен, суды біраз уақытқа тоқтатқан көрінеді. Қазір екі елдің мамандары шұғыл түрде ақауды қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуде.

- СТК арнасында төтенше жағдай болды. Суару органдарын шақырып, қазір жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жөндеу жұмыстары екі-үш күнде аяқталады. Біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Жақында су жіберіледі, – деді Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: құрғақшылық егін

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір