• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 10:14:37
Алматы
+12°

Жамбыл облысында прокурорлар орындалмаған жұмыс үшін бюджет қаражатынан 75 млн ақша бөлген. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Тараз қаласы прокуратурасы бюджет қаражатын тексеру нәтижесінде Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде әзірленбеген 4 сметалық құжаттама үшін 75 млн теңге аударғанын анықтады.

"Аталған дерек бойынша қала прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу") қылмыстық іс тіркеді. Тергеп-тексеру ісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды" – делінген прокуратура хабарламасында.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттарды жариялауға болмайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір