• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Шілде, 04:22:36
Алматы
+35°

Amanat партиясының депутаттары Асхат Аймағамбетов пен Жанарбек Әшімжанов "БАҚ туралы" заңға түзету енгізуді ұсыныды.

Түзетулерге сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына ЛГБТ өкілдерін насихаттап жазуға тыйым салынуы, тіпті БАҚ қызметін тоқтатуға немесе жабуға негіз болуы мүмкін. Бұл туралы Vlast.kz порталы хабарлады.

"Біз ақпаратқа тыйым салу туралы емес, бұл қарым-қатынасты дәстүрлі қарым-қатынастан жақсырақ деп насихаттау туралы айтып отырмыз. Ақпарат ЛГБТ өкілдерін насихаттауға немесе дәстүрлі көзқарасқа қарсы қоюға негізделмеуі керек" - деді Әшімжанов.

Заң жобасының 22-бабына "дәстүрлі емес жыныстық бағыт" деген сөздермен толықтыру көзделген. Қазір жаңа толықтыру талқыланып жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: лгбт бақ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір