04 Шілде, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Елтаңбаны өзгерту мәселесі күн тәртібінен алынды. Бұл туралы Vlast.kz басылысына Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлаған.
Ведомство Елтаңбаны өзгерту жақын уақытта талқыланбайтынын мәлім етті.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайда мемлекеттік Елтаңбаны өзгертуді ұсынған.
– Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек. Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады, – деген Тоқаев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір