05 Сәуір, 2024 NEWS
Фото. Кең Жылыой
Су тасқыны Батыс Қазақстан облысына да жетті. Атырау облысында Жем өзені тасып жатыр. Құлсары қаласында бір көпір бұзылып, екіншісі жабылған.
Қазіргі уақытта Құлсары ішінде Жем өзенінен бастау алатын Құрсай өзегі арнасынан шығып, қаладағы Жадырасын, Аэропорт ықшам аудандарын су басқан. Бұған дейін Құлсары тұрғындары су тасқынының алдын алмақ болып, топырақ үйіп дайындалған. Алайда бұл тасқын суды тоқтата алмады.
Жылыой ауданы әкімдігі Құлсары қаласындағы мектептерде тұрғындарға эвакуация орталығы ашылғанын хабарлады.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстанда Елек өзені арнасынан асып, өзен маңындағы елдімекендердің тұрғындары эвакуацияланған. Дмитрово және Қарашығанақ ауылдарынан 25 адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір