• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:37:29
Алматы
+12°

11 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Қандас мәртебесін беру рәсімін жетілдіруге бағытталған түзетулер ұсынылды - Сенат

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы бірінші оқылымда мақұлданды.

Фото: ашық дереккөзден

Осы заңның мақсаты - халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру, төтенше жағдай кезінде азаматтардың құқықтарына кепілдіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ заңнамада орын алған құқықтық олқылықтарды жою.

Аталған заң аясында педофилдерге Қазақстанға кіруге және азаматтық алуға, сондай-ақ экстремистік немесе террористік әрекеттерге қатыстылығы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салынады.

«Қос азаматтықты болғызбау мақсатында Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын растайтын құжаттарды пайдаланған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтудың жаңа негізі енгізіледі. Айта кетсек, қолданыстағы заңнамада шет мемлекеттің азаматтығын алғаны үшін ғана Қазақстан азаматтығын жоғалтуды тіркеу көзделген»,  деді депутат.

«ҚР Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша 2023 жылы уақытша тұруға 584 588 рұқсат берілді, елге кіру үшін 55 091 шақыру ресімделді, сондай-ақ 56 427 виза берілді. Қазақстан азаматтығына 26,8 мыңнан астам адам қабылданды. Оның ішінде қандастардың саны 20,5 мыңнан асты. Былтыр 16 028 адам Қазақстан азаматтығынан айырылды (2021 жылы - 17 179 адам, 2022 жылы-18 568 адам). 32 жыл ішінде Қазақстанға 1 млн 128 мың этникалық қазақ келіп, қандас мәртебесін алғанын атап өткен жөн, бұл ел халқының 5,6 пайызын құрады», - деді сенатор.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: заңнама қандас

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір