• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:40:26
Алматы
+12°

11 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Салық төлеймін деп алаяққа жем болмаңыз

көрнекі сурет

Мемлекеттік кірістер комитеті де алаяқтардан сақ болуға шақырды. Комитеттің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткенін ескертеді.

"Алаяқтар қазақстандықтарға хабарласып, өзін Мемлекеттік кірістер органының өкілімін деп таныстырады. Содан кейін олар азаматтың берешегі барын айтып, оны шұғыл түрде төлеу керектігін ескертеді. Осындай алаяқтық дерегі пайда болды. Мысалы, алаяқтар өздерін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Айсұлу Айтқалықова және жеке сот орындаушысы Ахметова Динармын деп таныстырады, - деп жазылған басқарма таратқан хабарламада.

Осыған байланысты МКК тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Құрметті салық төлеушілер, сақ болыңыздар! Жеке  деректеріңізді ешкімге бермеңіздер. Тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органдарындағы ақпаратты тексеріңіздер, - деп жазылған хабарламада.

Қостанай облысы бойынша МКД сенім телефоны: +7 7142 53 65 80;

Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығының нөмірі: 1414.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір