• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:43:00
Алматы
+12°

Алматыда көлік жүргізушісіне шабуыл жасаған жолаушы қолға түсті, – деп хабарлады Polisia.kz.

Алматының Бостандық ауданында, таңғы 08:00 шамасында, 98-бағыттағы автобуста 38 жастағы жолаушы бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ол қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік жүргізушісіне дене жарақатын келтірген.

– Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Күдікті өзін қорғау үшін жұмысқа кешігіп бара жатқандықтан, жүргізушіден тезірек жүруін сұрағанын айтты. Алайда жанжалдың себебі де осы кикілжің болған, – дейді, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Соңғы жылдары қоғамдық көлік жүргізушілеріне шабуыл жиілеп кетті. Былтыр Алматыда 47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жүргізуші әйелді ұрып есінен тандырып, салдарынан бақылаудан шығып кеткен көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір