• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:50:33
Алматы
+12°

Белгілі баспагер, іскерлік әдебиетпен қатар тарихи кітаптар шығарумен көзге түсіп жүрген АmalBooks баспасының негізін қалаушы Бақытжан Бұқарбай журналистермен кездесу өткізді. Кездесу барысында баспагер жақында жарық көрген Нельсон Феллдің "Русия һәм көшпелілер" кітабы туралы, тарихи туындылардың маңызы жайлы ой тарқатты.  

"Бір ғасыр бұрын қазақ даласында кәсіп жүргізген британ инженерінің жазбаларын шығардық" 

Біз 2016 жылдан бері кітап шығарумен айналысып келеміз. Қазірдің өзінде кітап дүкендерінде қазақша кітап көп емес, ол кезде бұдан да аз болатын. Сондықтан қазақ тілінде сапалы кітап шығаруды көздедік. Кітаптың мазмұнына ғана емес, дизайны мен беттелуіне үлкен мән бердік. Бұл жағынан қазақ баспаларына роль-модель бола алдық деп ойлаймын. Алғашында тарихи кітап шығару ойда болмаған, алайда айналып келіп тарихи кітаптарға да тоқталдық. "Таза тарих" сериясы аясында бірқатар кітап шығардық. Ал бүгін қолға алып отырғанымыз – қазақ даласына келіп мыс кеніштерін сатып алып, кәсіп жүргізген Нельсон Фелл деген британ инженерінің жазбалары. Кітап "Асылтас" қоғамдық қорының және оның басшысы Дулат Тастекей мырзаның демеушілігімен жарық көрді. 

"Ұлттық идеология – Ақорда өнімі емес,

азаматтық қоғам өндіретін нәрсе" 

Біздің қоғамда идеология мәселесін Ақорданың өнімі сияқты қабылдайды. Менің түсінігімде идеология азаматтық қоғам өндіретін нәрсе болуы керек. Мысалы, көршілес Ресей тарапынан "жер сендердікі емес" сынды пікірлер келіп жатады. Осындайда бос сөзбен дауласқанша, нақты тарихи дереккөздер ұсыну өтімді. Сол себепті тарихи бағытта кітап шығаруға мән беріп жатырмыз. Бұл халыққа да оң әсер етеді. Мұрат Есжан сынды режиссерлер кітаптан сюжет алып, киноға шығарып жіберсе, үлкен мультипликация болады. Сондықтан бұны тек бизнес емес, қазақ тарихын түгендеуде тигізген үлесіміз деп білеміз. 

       тастекей

               "Қазақтар ораза аяқталғанын Айға қарап білген екен" 

Мен кәсіпкер жазған этнографиялық кітапты алғаш оқуым. Содан болар "Русия һәм көшпелілер" кітабын аудармашыға бермей, бір деммен аударып шықтым. Кітапта автор өз мәселелерін шешу барысында сол кездегі саяси ахуал: орыс-жапон соғысы, елдегі революциялық жағдай, социалисттік идеялардың кең тарауы жайлы баяндайды. Нельсон Феллдің қазақ даласында жүргізген кәсібі соңғы жылдары айына 640 мың доллар әкелген. Қазіргі ақшамен есептесек, айына 22 млн доллар табыс көрген. Автор қазақ дүниетанымын таза кәсіпкер көзімен танытады. Кітапта қазақтардың тұрмыс-тіршілігі жайлы да қызықты деректер бар. Мысалы жүз жыл бұрын қазақтар оразаның біткенін Айға қарап есептеген екен.

нді Меккеге бармаспын" 

Кітапта бұдан бөлек те қызықты деректер көп. Феллдің еңбегі оқырманға өткен ғасыр басындағы қазақтың дәстүрлі өмір салтын бағамдауға мүмкіндік береді. Қазақтардың жерді жалпақ деп есептейтінін, қыста жер кепелерді мекендейтінін ашына жазады. Автор дала өлкесін аралап, Қоянды жәрмеңкесіне, Балқаш көліне, қазақ байының асына барған. Сапар барысында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, таным-түсінігі жайлы құнды мәліметтер қалдырады. Мысалы, "Қазақ баласының бір арманы болса, ол – Меккеге бару" деп жазған кәсіпкер Меккеге барып келген қазақтың "Мекке сасық екен. Енді ол жаққа бармаспын" деп қайтқанын жазады. Қазақтар Феллден "бай болсаң неге арықсың, неше жылқың бар" деп сұраған. Кәсіпкер өзінің ауқатты адам екенін дәлелдеу үшін британ досы жолдаған ашық хаттағы қонақ үйді өз үйі деп таныстыруға мәжбүр болған. Автордың құр баяндап қоймай, осындай әзілмен астарлап жеткізген сәттері еріксіз езу тарттырады. 

"Жаңа Қазақстан жаңаша жұмыс жасай ма дегем..."

Жарық көрген кітаптарымызды мемлекеттік кітапханаларға алу жағы үлкен мәселе болып отыр. Жаңа Қазақстан жаңаша жұмыс жасай ма дегем. Бірақ жастарға арналған кітаптар арасында қазіргі белді баспагерлердің кітаптары жоқ. Ол тізім қалай талқыланғаны белгісіз. Бұрын да білмейтінбіз, қазір де білмейміз. Мемлекет нарықпен бірлесе отырып жұмыс жасауы керек. Мысалы, кітап нарығындағы "Мeloman" мен Каспий дүкендерінен қандай кітаптардың сұранысқа ие екені сұралмайды. Біз мемлекеттен ақша сұрамаймыз, бірақ шығарған кітаптарымызды кітапханаларға алса жақсы болар еді. Баспа ісі де – бизнес. Кітап өткен сайын ақшамыз артады, сәйкесінше одан кейінгі шығатын кітаптар саны да көбейеді. Бірақ мемлекеттік сатып алулар жағынан ешқандай ілгерілеу болып жатқан жоқ. Біз өз есебімізден бүкіл кітапханаларды қамтуды мақсат тұтпаймыз. Бұл мүмкін емес те, оған ресурсымыз жетпейді. Бірақ соған қарамастан, "Күміс кітап" пен "Қарызсыз қазақ" кітаптарының біраз бөлігін тараттық. Бірақ бұл – бизнес емес. Бизнестің мақсаты – ақша табу.

"Іскерлік әдебиетте калька болуы керек"

Мен калькаға түзу қарайтын адаммын. Бизнес әдебиетінде кальканың болғаны дұрыс. Себебі кітап шығару арқылы ақпарат жеткізуді ғана емес болмысты танытуға тырысамыз. Мысалы мен қазақтың кей мақалдарын түсінбеймін. Түсінбеген мақалдардың мағынасын атамнан сұрайтынмын.  Ауылда тұрмаған, мал ұстамаған адам ретінде ол болмыс менде де, менің әкемде де жоқ. Қазір бір термин кездессе, баламасын өткеннен іздейді, демек біз өткеннің болмысын әкелеміз. Жаңа қоғам құру үшін жаңа болмыс керек. Калька арқылы жаңа болмыс экспортталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір