12 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар
Қазақстанда мамырдағы демалысты 4-інен 8-іне ауыстыру жоспарланды
Жұмыс күнін кейінге қалдыру туралы тиісті бұйрық жобасын Еңбек министрлігі дайындады.
Көрнекі сурет
Мамырдағы мереке күндері қазақстандықтар қатарынан үш күн – 7-9 мамыр аралығында демала алады. Сенбіде, 4 мамырда, барлығы үшін жұмыс күні болады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында ведомство басшысының «2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығының жобасын дайындап, орналастырған.
Құжат демалыс күнін 4 мамыр, сенбіден осы жылғы 8 мамыр, сәрсенбіге ауыстыруды көздейді. Осылайша, мамыр мерекелерінде қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни 7,8 және 9 мамырда демалады.
2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы ұсыныс Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді. Мереке күндері сондай-ақ демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті орган демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы" делінген ведомство сайтындағы хабарда.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір