16 Сәуір, 2024 Әлеумет
Қызғалдақ жұлған қыз 11 миллион теңге айыппұл арқалады
Студент қыз өзі жұлған қызғалдақпен суретке түсіп, оны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
Фото: ашық дереккөзден
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы "грейг" қызғалдақтарын жұлған ордабасылық тұрғынды анықтаған.
22 жастағы студент қыз Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, онысын желідегі парақшасына жариялаған. Бойжеткенге сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысты деген айып тағылып, 11 млн теңге айыппұл салынған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір