• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Мамыр, 14:15:01
Алматы
+35°
 
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жобалық басқарудың ақпараттық жүйесі таныстырылғанын, оның көмегімен ұлттық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу тетігі әзірленгенін хабарлады.
 
Ақпараттық жүйе нақты уақыт режимінде бөгеттер құрылысының барысын көруге, қауіпті жағдайларды бақылауға және уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
 
"Біз онлайн режимде әкімдіктердің қандай іс-әрекеттер жасап жатқанын қалай бақылауға болатынын көрсеттік, бұл мүмкіндікті барлығы көре алатындай және төтенше жағдай кезінде болып жатқан оқиғалар туралы түсінікке ие болатындай етіп онлайн режимде шығаруды ұсындық. Премьер-министр Орал және Атырау қалаларындағы су тасқынына қарсы жүріп жатқан іс-шаралардың барысы туралы бейнебақылау камераларды онлайн режимге шығару жөніндегі ұсынысымызды қолдады" деп жазды Бағдат Мусин фейсбук парақшасында.
 
Қазіргі уақытта Орал, Атырау, Қостанайдағы су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілетін орындардан онлайн-трансляция істеп тұр.
 
Онлайн-трансляцияны мына жерден көруге болады.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: су тасқыны

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір