22 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: kchs.tj
Сарыағашта су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек тапсырылды. Гуманитарлық көмекті Тәжікстан Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Абдухалим Назарзода өзі тапсырған.
"Гуманитарлық көмек ретінде Дүшанбе мен Худжандтан азық-түлік, ауыз су, құрылыс материалдары мен үйлердің шатырын қамтитын, жалпы салмағы 3,5 мың тоннаны құрайтын 61 вагон мен 13 жүк көлігі жөнелтілді"- делінген Тәжікстан ТЖК хабарламасында.
Қазақстан төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Тәжікстанға алғысын білдірді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір