22 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар
Дәрігерлерге жаңа атақ беріледі
Денсаулық сақтау саласына еңбегі сіңген дәрігерлерге жаңа атақ беріледі
Көрнекі сурет
Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
ДСМ баспасөз қызметінің мәліметінше, заң медицина қызметкерлерін қолдау үшін қабылданған. Түзетулер лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және олардың қоғамдағы маңызды рөлін тануға бағытталған.
Заңға сәйкес,
- Медицина қызметкерлерінің тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда өз балалары үшін басым тәртіппен орын алуға құқығы бар. Медицина қызметкерлері заңсыз араласудан және кәсіби қызметке кедергі келтіруден қорғалуға құқылы.
- Еліміздің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін көрнекті медицина қызметкерлері үшін алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы енгізілді.
- Медицина қызметкерлері артық есептілік пен ақпарат беруден босатылады.
- Заң кем дегенде 5 жыл мерзімге ауылдық жерге жұмысқа келген медицина қызметкерлері, аса тапшы мамандықтар үшін ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде біржолғы төлемдерді көздейді.
- Заң шегілмейтін темекі бұйымдарын, вейптерді, оларға арналған хош иістер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға және жарнамалауға тыйым салады. Бұл – халықтың арасында жаман әдеттердің таралуына қарсы күрестегі маңызды қадам.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір