23 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: Видеодан кадр
Омбы қазақтары Петропавл тұрғындарына 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Петропавлда су тасқыны салдарынан жол жабылып, басқа өңірлермен байланысқа шыға алмай отыр. Қазіргі уақытта Омбы тас жолы ғана ашық.
Омбы қазақтары петропавлдықтарға қажетті заттар, су және азық-түлік салынған 22 жүк көлігін жіберген. Омбылықтар Петропавл үшін гуманитарлық көмекті төрт жергілікті мешітке және қаланың қоғамдық ұйымдарына жеткізеді.
Еске сала кетейік, елімізде су тасқыны әлі тоқтар емес. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп, тұрғындар эвакуацияланып жатыр.
Дереккөз: 24.kz
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір