24 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандары 16 маусымнан бастап 30 күнге дейін ақысыз еңбек демалысына шыға алады.
Еңбек кодексінің "Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" бөлігіне енгізілген түзетулерге сәйкес жұмыс берушілер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен қызметкерге ақысыз демалыс беруге міндеттеледі.
"Жұмыс беруші тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда болған кезеңде жалақысы сақталмайтын, бірақ отыз күннен аспайтын демалыс беруге міндетті", – делінген түзетуде.
Түзетулер 2024 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір