26 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: Сот отырысы
Алматының Наурызбай аудандық сотында үш адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік апатына қатысты сот отырысы аяқталды.
Автобус жүргізушісін соққыға жыққан сотталушы Дархан Ахметжанов 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жаза тағайындалды. 351 баптың 3-бөлігі “Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын бұзу” және 293-баптың 1-бөлігі “Бұзақылық” бабы бойынша шешім шығарылды.
Ол жазасын ең төменгі режимдегі колонияда өтейтін болады. Сондай-ақ сотталушыны жәбірленушілерге өтемақы төлейді.
Еске сала кетейік, жол апатынан 4 адам жараланып, 3 адам көз жұмған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір