• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Мамыр, 21:11:13
Алматы
+35°

30 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Алматы полициясы ІІМ жалған қызметкерлерінің суретін жариялады

Алматылық полицейлер өзін Қазақстанның тәртіп сақшылары ретінде таныстырып, алаяқтық жасап жүр деген күдіктілердің суретін жариялады. Бұл туралы деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

фото: polisia.kz

"Алматы полиция департаменті "ауқымды арнайы іс-шара жасап жатырмыз" деп өзін жиі Қазақстанның тәртіп сақшылары ретінде таныстыратын танымал алаяқтардың жүзі бейнеленген фотоколлаж дайындады", - делінген ведомство хабарламасында.

Алматы полициясы қазір интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін ескертеді, онда күдіктілер Whatsapp мессенджерінде аккаунт ашып, аватарына мемлекеттік мекеме немесе жеке ұйым басшысының суретін қойып, "ҚР ҰҚК кенеттен тексеріп жатыр" деген сылтаумен қарамағындағыларға үшінші тұлғалардың әртүрлі шоттарына шұғыл ақша аудару қажет екенін жазады. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ІІМ полицей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір