• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Мамыр, 21:01:29
Алматы
+35°

30 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Биыл ҰБТ қалай өтеді?

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің әр аймағында әртүрлі уақытта басталады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kaz.inform-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет

«Төтенше жағдай режимі жарияланған 6 облыс талапкерлері үшін ҰБТ кейінірек басталады. Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін ҰБТ-ға тіркелу 6 мамырдан 20 мамырға дейін, ал тестілеу 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өтеді», - деген ақпарат таратты Ғылым және жоғары білім министрлігі. 

Қалған өңірдің талапкерлері үшін ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау мерзімі - 6 мамырдан 14 мамырға дейін. Ал ҰБТ 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады.

Сондай-ақ, министрлік 2024 жылы барлық талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алатындығын хабарлап отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ҰБТ Ғылым және білім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір