30 Сәуір, 2024 NEWS
Коллаж: abai.kz
Қазақстанда алты жылдан бері жеңіс күніне орай әскери шеру өтпейді. Биыл да үкімет бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында шеру болмайтынын мәлімдеген болатын. Алайда бүгін Байқоңыр қаласында әскери шеру өтетіні белгілі болды.
Бұл туралы қала әкімдігінің мамыр айындағы іс-шаралар туралы алдын ала хабарландыруында жазылған. Жоспар бойынша 9 мамыр күні Байқоңыр қаласындағы Ленин алаңына гүл шоқтры қойылып, мерекелік концерт пен жеңіс шеруі өтетіні хабарланған.
Адырна ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады. Қаланың орталық алаңынан өтетін жаттығу жасақтарының қатарында полиция қызметкерлері, Төтенше жағдайлар министрлігімен қатар РФ өкілдері болады.
Айта кетейік, Байқоңыр 2050 жылға дейін Ресейге жалға берілген. Бүгінде Байқоңырда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері қалмаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір