• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 09:55:32
Алматы
+12°

Елімізде соңғы қоңырау шарасы өтетін болды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің аппараттық отырысында министр Ғани Бейсембаев мәлімдеді. 

"Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын қатаң ескертемін. Осыған орай 3,8 миллионнан астам оқушы келесі сыныптарға көшірілсін. Сонымен қатар, еліміздегі 186 мың мектеп бітіруші үшін оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырамын. Биылғы түлектер аталған іс-шараны жоғары мәдениетпен, ысырапсыз, даңғазасыз өткізетініне сенемін. Бұл болашақ түлектер үшін өнегелі дәстүрге айналған жаңа форматтағы жоғары мәдениетті алғашқы шара болары сөзсіз" — деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін министрлік Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылмайтынын, оның орнына барлық мектепте оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтетінін мәлімдеген болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір