• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 02:11:15
Алматы
+12°

WhatsApp желісінде еліміздегі төтенше жағдай туралы жалған ақпарат таратқан Ақтау тұрғынына айыппұл салынды. Айыппұл көлемі  73 840 теңгені құрайды. 

Маңғыстау облысының тұрғынына әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігі (жалған ақпарат жариялау, тарату) бойынша әкімшілік іс қозғалған.

"Айыпталушының ұялы телефонынан WhatsApp желісі арқылы Атырау облысында төтенше жағдай орын алғаны туралы жалған ақпарат таратқаны анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен кінәлі деп танылған Ақтау қаласының тұрғынына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", – делінген сот хабарламасында. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір