03 Мамыр, 2024 Барлық аймақтар
Қазақстанда арзан тарифті жаңа байланыс операторлары пайда болады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстандағы байланыс пен интернет сапасының мәселесін қалай шешетінін айтты.
Көрнекі сурет
Асхат Оразбектің айтуынша, "Қолжетімді интернет" жобасы аясында министрлік нарыққа жаңа шағын және орта байланыс операторларын шығаруды жоспарлап отыр. Ведомства бұл шағын бизнес монополистерге қарамай жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті нарық жасайды деп санайды.
"Ұялы байланысқа келетін болсақ, бізде "Қазақтелеком" компаниялар тобы атынан доминант және бір тәуелсіз ұялы байланыс операторы – Beeline бар. Қазіргі уақытта "Мобайл Телеком-Сервис" жеке инвесторға сатылады және нарықта үш оператор болады", - деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір