• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Мамыр, 15:32:06
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2024 NEWS

БАҚ-та АЭС референдумы жайлы жалған ақпарат тарап жатыр – министр

Үкімет отырысының алдында журналистердің сұрағына жауап берген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС салу жөніндегі референдумға пікір білдірді, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Казинфорумға сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөзден

БАҚ өкілдері Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтың бір сұхбатында атом электр стансасын салу жөніндегі референдум жыл соңында өткізілуі мүмкін екенін айтқанын тілге тиек етіп, бұл қаншалықты шынайы ақпарат екенін сұрады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында әрдайым "Сәтқалиев референдум осы кезде өтеді деп айтты“ дегендей ақпараттар жиі шығады. Сол басылым ресми түрде кешірім сұрауы тиіс деп есептеймін! Себебі мен „заңнамаға сәйкес“ деп сөйлеп, халықтың талабы мен ынтасы ескерілетінін айттым. Мемлекет басшысы бұл бағытта саяси шешім қабылдады. Біз соған сәйкес референдум өткізумен айналысамыз", — деді министр.

Дегенмен, ол «кешірім сұрауы керек» деп қай БАҚ-ты меңзегенін ашық айтпады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АЭС Сәтқалиев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір