10 Мамыр, 2024 Барлық аймақтар
Тимур Құлыбаев Лондондағы резиденциясын 20 миллиард теңгеге сатып жіберген
Сондай-ақ Құлыбаев өзіне тиесілі көрші ғимаратты да сатуға ниетті.
Фото: ашық дереккөзден
Тимур Құлыбаев Лондондағы резиденциясын 35 миллион фунтқа (шамамен 20 миллиард теңгеге) сатты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасап.
Букингем сарайының жанындағы Жоғарғы Гросвенор көшесіндегі мүлікті North Wind Capital инвестициялық компаниясы сатып алған. Сондай-ақ Құлыбаев өзіне тиесілі көрші ғимаратты да сатуға ниетті. Құлыбаев бұған дейін патшайым Елизавета II-нің ұлы ханзада Эндрюдің бұрынғы мүлкіне ие болған. Sunninghill Park сарайы Лондоннан 40 шақырым жерде орналасқан. Біраз уақыттан кейін қазақстандық кәсіпкер резиденцияны бұзып, жаңа ғимарат салды. Назарбаевтың туыстарының Германияда 100 миллион еуролық сарайлары да бар, олар қараусыз қалған. Сонымен қатар Құлыбаев жерорта теңізі жағалауындағы испаниялық Can Juncadella меншігі мен Швейцариядағы Fleur du Lac қонақ үйіне ие.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір